«APEMS Startup» тақырыбындағы мастер-класс

2023 жылдың 31 қаңтарында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында «Стартапыңызды қалай іске қосуға болады?» тақырыбында мастер-класс өткізілді. APEMS студенттері қазақстандық стартаптармен танысты, өз идеяларын ұсынуды үйренді. Кездесу барысында студенттер Canvas бизнес-моделінің не екенін және оны қалай құру керектігін біліп үйренді.

Мастер-класстың қорытынды бөлімінде студенттер топтарға бөлініп, баяндамаларын дайындап, өз ойларын ортаға салды. Кездесу өте мазмұнды және қызықты өтті. Студенттер сұрақтар қойып, өз білімдерімен бөлісті және жаңа дағдыларды меңгерді.

Мастер-классты APEMS-тің спорттық білім беру және әлеуметтік дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы өткізді.

Сотрудничество