2024 жылдың 15 қазанында ЮНЕСКО бағдарламасы аясында Корея спорттық ғылымы институты ғалымдарының жаһандық дәрістерінің екінші күні өткізілді. Ғалым KIM Jin Kook өз дәрісінде спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша Корея Республикасының тәжірибесі мен көзқарасы туралы баяндап, Олимпиада және Азия ойындары сияқты ауқымды және кешенді спорттық іс-шараларды өткізудің оң аспектілеріне баса назар аударды, өйткені Корея Республикасы өз тарихында осындай спорттық іс-шараларды өткізетін ел болды. Корея нарығының ондаған жылдардағы деректерін мысалға келтіре отырып, спорт және спорт индустриясындағы деректерді жинау және талдау бойынша тәжірибесімен қуана бөлісті. Еліміздің дене шынықтыру және спорт саласын одан әрі дамытуға жәрдемдесуге ниет білдіре отырып, KIM Jin Kook мырза өзінің кәсіби тәжірибесін, сондай-ақ Корей спорттық ғылымы институтының тәжірибесін негізге ала отырып, ұсыныстар берді.
Екі күндік жемісті жұмыс аяқталғаннан кейін KISS президенті SONG Kanyoung мырза және APEMS ғылым және инновациялар жөніндегі проректорының м.а. Тен Алина Владимировна ЮНЕСКО бағдарламасы аясында өткізілген жаһандық дәрістер курсының барлық тыңдаушыларына сертификаттар табыстады, сондай-ақ Корея спорттық институтының президенті мен ғалымдарына алғыс хаттар табыс етілді.
Біздің Академиямызға келіп, еліміздің спорт ғылымы, білім беру, дене шынықтыру және спорт саласы үшін осындай маңызды іс-шараны бірлесіп өткізген құрметті қонақтарымызға шын жүректен алғыс білдіреміз. Біз өз ұйымдарымыздың арасындағы серіктестікті жоғары бағалаймыз және Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының спортын, ғылымын және білімін дамыту бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер, тәжірибе алмасу, білім беру-ғылыми іс-шаралар өткізу үшін жаңа перспективалар ашатын одан әрі ынтымақтастыққа шын жүректен үміттенеміз.