2025 жылдың 20 қазанында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры Т.К. Куанғалиева, ғылым және инновациялар жөніндегі проректор А.В. Нефтисов және Кәсіби даму және спорттық білім беру орталығының жетекшісі А.Е. Егінбаева Павлодар қаласына ресми сапар жасады. Кездесу барысында Академияның инновациялық білім беру бағдарламалары – MBA/EMBA Sport Management, EMBA Sport Medicine & Wellness және DBA Corporate Governance & Leadership таныстырылды.
Іс-шара Павлодар облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті және спорт ұйымдарының басшыларын, жаттықтырушылар мен аймақтық спорт жүйесінің мамандарын біріктірді. Кездесу қорытындысында тараптар басқару саласында кәсіби мамандар даярлау, заманауи білім беру технологияларын енгізу және спорт менеджментін дамытуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыру бағыттарын талқылады.
Бұл сапар серіктестікті нығайту мен аймақтағы спорт саласындағы басқару сапасын арттыруға бағытталған білім беру бастамаларын дамыту жолындағы маңызды қадам болды.














