Наурыз мейрамы халықтың салт-дәстүрлерін жаңғыртып, ұрпақтар сабақтастығын сақтайтын ерекше мереке. Бұл күні академия студенттері мен оқытушылары ұлттық киімдерін киіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеді.
Шара барысында APEMS ректоры Болатбек Асылбекұлы ұжымды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
Мереке аясында қатысушылар ұлттық өнеріміздің үздік туындыларын тамашалады. Сонымен қатар, ұлттық спорттық ойындар мен жарыстар ұйымдастырылды.
Мұндай мәдени шаралар Наурыз мерекесінің ұлттық құндылықтарын насихаттап, халқымыздың дәстүрі мен мәдениетін ұлықтауға мүмкіндік береді.
Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!