Түлектер арасынан халықаралық шебер Исанжулов Арыстан жеңімпаз атанды.
Оның шахматтағы жетістіктері бір төбе:
– 2023 жылғы ерлер арасындағы Азия чемпионы (блиц)
– 2023 жылғы ҚР ерлер арасындағы блиц чемпионы
– 2023 жылғы 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатының қола жүлдегері (блиц)
Бұған дейін де Арыстан 15 жасқа дейінгі оқушылар арасында әлем чемпионы (2018 ж.) атанған, сондай-ақ ҚР мен Азияның балалар чемпионаттарында жүлдегер болған.
Мектеп оқушылары арасынан елордалық №70 мектеп-лицейдің оқушысы Амангелді Ернұр жеңіске жетті.
Ернұр – FIDE шебері, 8 жасқа дейінгі екі дүркін Қазақстан чемпионы, 16 жасқа дейінгі ҚР чемпионы және Астана қаласының екі мәрте чемпионы.
Екі спортшы да – ерекше дарынымен көзге түскен жас шахматшылар. Олар Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында (APEMS) тегін білім алу құқығына ие болды.
Бүгінде APEMS-те әлемдік жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлері, қазақстандық шахматтың шынайы жұлдыздары білім алуда.