«AMANAT» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатымен ынтымақтастық

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы мен Астана қ. «АМАНАТ» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының филиалы арасында меморандумға қол қойылды. Бұл еліміздегі спорт саласын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі.

Ынтымақтастық елімізде жастарды қолдауға және спортты дамытуға бағытталатын болады. Біз бұқаралық спортты дамытуды, жергілікті және ұлттық деңгейде спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қамтитын жобаларды бастауды асыға күтеміз.

Бірлескен жұмыс спортта жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндік беріп, елімізде талантты жастарды қолдауға және дамытуға септігін тигізетініне сенімдіміз.

 

Сотрудничество