Академиялық ұтқырлық жаңалықтары!

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері — Сағыналин Ернұр Русланұлы және Исаұлы Жағыпар академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына білім алуға келді.

Аталған студенттер 6B01402 – «Дене шынықтыру мұғалімі мен бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстары бойынша нұсқаушы-әдіскерді даярлау» білім беру бағдарламасының 2-курсы, 3-триместріне қабылданды.

Студенттерге оқуда табыс, толағай жетістіктер және жаңа белестер тілейміз!

Сотрудничество