AITU ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҮШІН АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ КУРСЫ ӨТТІ
AITU ОҚЫТУШЫЛАРЫ ҮШІН АЛҒАШҚЫ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ КУРСЫ ӨТТІ

Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы (APEMS) WSG University-мен (Польша) бірлесіп, Қазақстанда алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету жүйесін дамытуға бағытталған «RITA» (Region in Transition) халықаралық жобасын іске асыруда.

Жоба серіктестері:

  • WSG University (Польша)
  • Дене шынықтыру және спорт институты (Польша)
  • Laerdal Medical (Норвегия)
  • WOPR су-құтқару қызметі (Польша)
  • Польша Республикасының Қазақстандағы Елшілігі

APEMS бұл жоба аясында тұрақты түрде «Алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету қағидалары» (Еуропалық реанимация кеңесінің стандарттарына сәйкес) тақырыбында тренингтер өткізеді, сондай-ақ тыныс алу мен жүрек қызметінің тоқтауы кезіндегі әрекеттер алгоритмі бойынша практикалық оқыту жүргізеді.

2025 ж. 5-6 наурыз күндері бұл оқудан AITU университетінің оқытушылары AI-датчиктері бар Норвегияның инновациялық симуляциялық кешенінде практикалық оқытудан өтті. Оқытуды ERC BLS сертификатталған нұсқаушылары жүргізді:

  • Әзербаев Даулет Нұрболатович
  • Әбілтаева Айнұр Асхатқызы
  • Ниғметов Қанат Уәлиденұлы
  • Сұлтанов Бауыржан

Алғашқы дәрігерге дейінгі медициналық көмек жүйесін дамыту – қоғам қауіпсіздігінің маңызды қадамы! Университет 4.0 даму бағыты – қоғамға деген әлеуметтік жауапкершілік пен қауіпсіз білім беру ортасын құру болып табылады. APEMS пен AITU серіктестігі – ғылым, спорт және медицинаның үйлесуі, бұл білімді қоғам игілігі үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Сотрудничество

Loading...