8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында дене шынықтыру және бұқаралық спорт Академиясына жұмыс бабымен Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясы (KFAGG) өкілдері, атап айтсақ, федерация президенті Бектұрғанова Мадина Мұхаммедқызы және бас хатшы Бекенова Гүлмира ханымдар шақырылды. Кездесу барысында жоғары білім беру деңгейінде мамандар даярлауды жетілдіру арқылы қазақстандық эстетикалық топтық гимнастиканы дамыту жолдары талқыланды. Қазақстан эстетикалық топтық гимнастика федерациясы негізінде APEMS гимнастика кафедрасын ашу, сонымен бірге, эстетикалық гимнастика саласындағы өзекті тақырыптары бойынша ғылыми жобаларды тұжырымдау және жүзеге асыру мәселелері ынтымақтастықтың ең маңызды бағыттарының бірі болды. Ең үйлесімді және ең сымбатты спорт түрін одан әрі дамыту мен таныту мақсатында табысты және ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа ниет етеміз!