2025 жылдың 16–18 сәуірі аралығында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өткен «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада Дене шынықтыру және бұ - Академия физической культуры и массового спорта

2025 жылдың 16–18 сәуірі аралығында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде өткен «Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі» пәні бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының  студенттері 22 жоғары оқу орны арасынан II орын иеленсе, жалпы командалық есепте III орынға ие болды.

Команда құрамында 3-курс студенттері:

- қазақ бөлімінен – Төлеухан Темірхан, Қияқбай Рүстем, Қабылбек Дәурен. Ғылыми жетекші – Кенжин Ж.Б.;

- орыс бөлімінен – Баккарин Расул, Малов Радомир, Шамсутдинов Рамиль. Ғылыми жетекші – Мұхамбет Ж.С.

Атап айтсақ, олимпиадаға қатысушы студенттер академия ішіндегі іріктеу кезеңінен өтіп, республикалық турға жолдама алып, жеңімпаз атанды.Бұл жетістік – студенттердің білімге деген құштарлығы мен оқытушылардың кәсіби шеберлігінің нәтижесі.

 

Сотрудничество