Сіздерді 2025 жылдың 9-11 сәуір аралығында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының (бұдан әрі – APEMS) базасында өтетін «Дене шынықтыру және спорт: студенттер мен жас ғалымдардың көзқарасы» атты III студенттік ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.
Конференция Қазақстан Республикасының «Ғылым қызметкерлерінің күні» кәсіби мерекесіне арналған APEMS ғылыми іс-шаралары шеңберінде өткізіледі.
Конференцияның мақсаты: университеттік спорттың, бұқаралық және бейімдік спорттың, жоғары жетістіктер спортының мәселелері мен даму перспективаларын, сондай-ақ жастардың денсаулығын нығайту және физикалық дамуын қамтамасыз ету құралдары мен әдістерін талқылау үшін студенттер мен жас ғалымдардың басын қосу.
Конференция пленарлық және секциялық отырыстар шеңберінде өткізілетін болады.
Конференция жұмысының бағыттары:
- Спорттық жаттығу және бәсекелестік қабілет.
- Бейімдік дене шынықтыру және спорт.
- Спорттық медицина және реабилитация.
- Дене шынықтыру және спорт психологиясы мен педагогикасы.
- Спорттық менеджмент және маркетинг.
- Спорт құқығы және арбитраж.
- Спорт тарихы
- Спорттық инженерия.
- Дене шынықтыру мен спорттағы инновациялық технологиялар және жасанды интеллект.
- «Sport for All».
Конференцияға қатысу форматы:
- баяндамамен шығу;
- тыңдарман ретінде қатысу.
Конференция регламенті:
- пленарлық отырысқа баяндамамен шығу - 10 минутқа дейін.
- секцияларға қатысу – 5 – 7 минут.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Маңызды күндер
9 сәуір 2025 жыл – APEMS Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер департаментінде секциялық отырыс (бекітілген аудитория бойынша)
10 сәуір 2025 жыл – Спорттық білім және коучинг департаментінде секциялық отырыс (бекітілген аудитория бойынша)
11 сәуір 2025 жыл – конференцияның пленарлық отырысы (1 қабат, 110 аудитория)
Орналасқан жері: Астана қ., Мәңгілік ел даңғылы, 55/1, ЭКСПО, блок B 2.2
Қатысу үшін конференцияның пленарлық немесе секциялық отырысында сөз сөйлеу үшін конференция жұмысының жоғарыда көрсетілген бағыттарының біріне сәйкес келетін ауызша баяндама мен презентация дайындау қажет.
Қатысушының презентациясы мен Өтінімін APEMS ғылым бөлімінің электрондық поштасына Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
2025 жылдың 28 наурызына дейін (қоса алғанда) жіберу қажет.
Белгіленгенмерзімнен кейін жіберілген өтінімдер мен презентациялар қабылданбайды.
Презентация мен баяндамада: кіріспе, мақсат, міндеттер, зерттеу әдістері, қорытындылар, пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілуі керек.
Секциялық отырыстардағы үздік баяндамалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады, сонымен қатар «Research in Physical Education and Sports»* ғылыми журналында мақаланы жариялауға ұсынылады.
* Баяндамаларды ғылыми мақала форматына келтіріп, https://sci.journal.apems.edu.kz/ журналының талаптарына сәйкес өңдеу қажет.
Баяндамалар 1-кестеде көрсетілген критерийлер бойынша конференцияның конкурс комиссиясымен бағаланады
1 кесте - Студенттік баяндаманы бағалау көрсеткіштері
№ р/н |
Бағалау көрсеткіштері |
1. |
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы |
2. |
Автордың өз үлесін көрсететін ұсыныстардың жаңалығы |
3. |
Жұмыстың түпнұсқалығы |
4. |
Мәселенің жағдайын зерттеу тереңдігі |
5. |
Жұмысты дайындауда заманауи ғылыми әдебиеттерді қолдану |
6. |
Конференцияға қатысушылардың сұрақтарына жауаптар |
7. |
Баяндаманы ұсыну логикасы, пайымдаудың сенімділігі, ойлаудың өзіндік ерекшелігі |
8. |
Жұмыс құрылымы (кіріспе, жұмыс мақсаты, міндеттердің қойылуы, зерттеу әдістері, қорытындылар, әдебиеттер тізімі) |
Қосымша сұрақтар бойынша Конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз: APEMS ғылым бөлімі, Мәңгілік ел даңғылы, 55/1, ЭКСПО, блок B 2.2, 2 қабат, кабинет 200.
Аженов Аскар Алимаулетович, 8-775-333-94-88
«Денешынықтыружәнеспорт:студенттер мен жас ғалымдардың көзқарасы»
атты III APEMS студенттік ғылыми конференциясында
кездескенше!
9 - 11 сәуір 2025 жыл