Осы атаулы күнге орай, Астана қ. Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясында елімізге белгілі тұлға, ҚР Президентінің "Ерен еңбегі үшін" және "Халық алғысы" медальдарының иегері Спатаев Темір Дәулетбақұлы қонақта болды. Темір Дәулетбақұлы - қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері; Азия және Әлем жеңімпазы; Массрестлингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері; Толағай алыптар сайысының негізін қалаушы; ҚР Қарулы күштерінің (майоры); Атақты палуан, Қажымұқанның, Балуан Шолақ бабамыздың ерлігін қайталаушы ізін жалғаушы; Тұңғыш түйе көтерген палуан; Қазақстандық және әлемдік рекордты жаңғыртқан Франция, Германия, Иран, Өзбекістан, Қытай, Азербайжан, Америка,Түркия, Рессей т.б көптеген елдерде өнер көрсеткен; Бауыржан Момышұлының “Намыс” төсбелгісінің иегері. Спатаев Темір Академия студенттерімен және оқытушыларымен кездесу өткізіп, өз тәжірибесімен, спорттық жолдағы жетістіктерімен бөлісті. Ол жастарды ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа және ғылым мен спортта үздіксіз даму жолына шақырды. Бұл кездесудің Тәуелсіздік күніне орай өтуі – еліміздің болашағы саналатын жас ұрпаққа шабыт сыйлап, өз арман-мақсаттарына жетуге деген сенімдерін нығайта түсті.