Бұл күні қатысушылар академияның “QazEXPO” аумағындағы бірегей оқу-зертханалық бас ғимаратымен танысты. Курс аясында білікті мамандар қатысушыларға физикалық және психологиялық қажетті дағдыларды меңгеруге көмектесіп, дайындықтарын жоғары деңгейде өткізді. Аталған курс APEMS-ке оқуға түскісі келетін мектеп түлектеріне арналған және болашақ студенттердің шығармашылық емтиханға дайындық деңгейін арттыруға бағытталған. FOUNDATION дайындық курсының қатысушылары шығармашылық емтиханды сәтті тапсырады деп сенеміз.