14.05.2025 Foundation дайындық курсының мамыр айындағы 1-күні басталды!

Курсқа еліміздің Алматы, Өскемен, Семей, Орал, Қызылорда, Ақтау өңірлерінен жиналған 20-ға жуық талапкер қатысты. Қатысушылар үлкен қызығушылықпен келіп, болашақ мамандықтарына алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Бүгінгі күннің басты бағыты – жалпы дене даярлығы бойынша шығармашылық емтиханға дайындық болды. Талапкерлерге емтихан құрылымы таныстырылып, нормативке сай тапсырмалар орындалды. Сондай-ақ, оларға қажетті кеңестер беріліп, бағыт-бағдар көрсетілді. Курс алдағы күндері де жалғасады.

Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Сотрудничество