Мансапты дамыту орталығы 2025 жылғы 9 маусым мен 21 маусым аралығында оқу практикасынан өтетін 1-курс студенттері үшін таныстыру конференциясын өткізді.
Конференция барысында студенттерге практиканың мақсаты мен негізгі міндеттері, сондай-ақ оның кәсіби қалыптасу барысындағы маңыздылығы егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, практиканттың құқықтары мен міндеттері, практика базасындағы тәртіп пен этика мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Студенттерге практика бойынша барлық қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша нақты нұсқаулықтар берілді. Атап айтқанда: жолдама, жоспар-кесте, күнделік және есеп жазу бойынша. Сондай-ақ есептік материалдарға қойылатын мазмұндық талаптар мен тапсыру мерзімдері түсіндірілді.
Оқу практикасы – кәсіби тәжірибеге бастайтын алғашқы маңызды қадам. Әр студент бұл кезеңге жауапкершілікпен қарап, барынша тиімді пайдаланатынына сенімдіміз.
Баршаңызға оқу практикасын жемісті әрі сәтті өтуін тілейміз!