1-9 наурыз аралығында Нью-Кларк-Ситиде (Филиппин) су спорты түрлерінен XI Азия чемпионаты өтті.

Чемпионатқа 10 мемлекет қатысты: Жапония, Иран, Қазақстан, Қытай, Сингапур, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Малайзия, Шри-Ланка, Таиланд. Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанды.
Қазақстан құрамасының құрамында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенттері – Нұртаза Нұржас (ТR2304 тобы), Сәтберген Нұрасыл (TR2309 тобы), Құбайдолла Әл-Фараби (ТR2307 тобы) бар.

Құттықтаймыз!

Сотрудничество