Онлайн кеңес алыңыз
Тел.: 8 700 957 00 61
8 700 957 00 62
8 700 957 00 68
Почта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.
Телеграм: t.me/apemsadmission2023
Виртуалды қабылдау комиссиясы: https://us06web.zoom.us/j/83986928499
Бізге қосылыңыздар
Телеграм: t.me/apemsadmission
Instagram: apems_kz
Facebook: apems.edu
Tik-Tok: apems_tiktok
YouTube: APEMS
Онлайн өтініш беріңіз
APEMS-ке оқуға түсудің 10 себебі
Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына (бұдан әрі – APEMS) оқуға түсу үшін
Орта білім беру ұйымдарының түлектері тапсырады
ҰБТ
Қазақстан тарихы – 20 баллдан кемінде 5 балл
Оқу сауаттылығы – 10 баллдан кемінде 3 балл
Шығармашылық емтихандар
1-ші шығармашылық емтихан (жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер) – 50 баллдан кемінде 5 балл
2-ші шығармашылық емтихан (мамандану бойынша нормативтер) – 50 баллдан кемінде 5 балл
ҰБТ мен шығармашылық емтиханның максималды балы – 130 балл
ЖОО-ға түсу үшін ең төменгі өту балы – 75 балл
Оқу мерзімі – 3 жыл
Оқу нысаны – күндізгі
Оқу тілдері – қазақ, орыс
техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері тапсырады (бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған білім грантын беру конкурсына қатысу үшін)
ҰБТ
Арнайы пән (Педагогика және психология негіздері) – 50 баллдан кемінде 5 балл
Шығармашылық емтихан (Мамандану бойынша нормативтер) – 20 баллдан кемінде 5 балл
ҰБТ мен шығармашылық емтиханның максималды балы – 70 балл
ЖОО-ға түсу үшін ең төменгі өту балы – 35 балл
техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері (ақылы негізде жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша APEMS-тің білім бағдарламаларына оқуға түсу үшін) сұхбаттасудан өтеді.
Оқу мерзімі – 3 жыл
Оқу нысаны – күндізгі
Оқу тілдері – қазақ, орыс
Жоғары білімі бар адамдарды қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін білім беру бағдарламаларына ақылы негізде қабылдауды APEMS-тің қабылдау комиссиялары сұхбаттасудың негізінде жүзеге асырады.
Оқу мерзімі – 2 жыл
Оқу нысаны – күндізгі
Оқу тілдері – қазақ, орыс
1) ЖЖОКБҰ басшысының атына белгіленген үлгіде өтініш;
2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (төлнұсқа + 2 көшірме);
3) жеке басын куәландыратын құжат, егер өтініш беруші кәмелетке толмаған болса, онда ата-анасының бірінің жеке куәлігінің көшірмесін және туу туралы куәліктің көшірмесін (салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқасын ұсына отырып) тапсыру қажет;
4) 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
5) 075/у нысаны бойынша электрондық немесе қағаз форматтағы медициналық анықтама;
6) 063-формасындағы егу картасының көшірмесі;
7) флюорографиялық сурет;
8) ҰБТ сертификаты;
9) ведомостан үзінді(арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін;
10) ер балаларға тіркеу туралы куәлікті тіркеу көшірмесі;
11) білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік (бар болса.
*Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады. Осы 1) тармақшада көрсетілген құжат көшірмеcімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Портал арқылы өтініш жасаған кезде
1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) немесе жоғары білімі туралы құжаттардың электрондық көшірмесі (ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда);
3) 3x4 көлеміндегі цифрлық фото;
4) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрықпен бекітілген 075/у нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық анықтама;
5) ҰБТ сертификаты;
6) білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (бар болса).
* Жеке басын куәландыратын құжат туралы, жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік, орта білімнен кейінгі) білімі туралы мәліметтерді, медициналық анықтама, ҰБТ электрондық сертификаты және білім беру грантын беру туралы электрондық куәлік (ақпараттық жүйелерде болған жағдайда) көрсетілетін қызметті беруші "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпараттық жүйе арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы порталда "жеке кабинетінде" ЖЖОКБҰ-ға қабылдау үшін құжаттардың қабылдағаны туралы хабарламаны алғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге күнтізбелік жылдың 10-25 тамызы аралығында құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады.