APEMS ғылыми-әдістемелік кеңесі туралы
Ғылыми-әдістемелік кеңес APEMS-тің ғылыми-әдістемелік және сарапшы-кеңестік органы болып саналады, ол кафедралар мен өзге бөлемшелердің оқытушылық-профессорлық құрамының белсенді қатысу шартымен ғылымның академиялық секторы барлық сегментінің нәтижелі өзара қарым-қатынасы мақсатында құрылған.
Ғылыми- әдістемелік кеңес ғылыми басылымдарда жариялау үшін ұсыну мақсатында фундаменталды және қолданбалы зерттеулер саласындағы қызметін, ғылыми, ғылыми-әдістемелік өнімді рецензиялау саласындағы APEMS-тің ғылыми қызметін үйлестірумен айналысатын ЖОО-ның консультативті-кеңестік ұйымы болып саналады.
Ғылыми- әдістемелік кеңес мақсаты – спорттық білім беру мен спорттық ғылым дамуының басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы APEMS-тің ғылыми қызметін нәтижелі үйлестіру, оқытушылық-профессорлық құрам мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметін белсендендіру, APEMS-тің ғылыми саясатын қалыптастыру мен жүзеге асыру, APEMS-тің ғылыми жетістіктерін Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдің ғылыми-білім беру кеңістігінде танымал ету.
Ғылыми- әдістемелік кеңес міндеттері
1. APEMS-тің ғылыми және педагогикалық кадрларының ғылыми өнім жасауға және ғылыми зерттеулер нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қатысуын қамтамасыз ету;
2. APEMS-тің ғылыми-педагогикалық және ғылыми потелциалын сақтау және дамыту;
3. Фундаменталды және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы өзге де ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру;
4. APEMS-тің өзіндік «ғылыми мектептерін» ашу үшін жағдай жасау;
5. APEMS ғалымдарының болашағы бар ғылыми-зерттеу жұмыстарын инновацияға іріктеу мен алға жылжыту;
6. Ғылымның нәтижелі даму мақсатында APEMS-тің бірегей ғылыми саясатын жүзеге асыру;
7. Инновациялық қызметтің дамуына көмектесу;
8. APEMS-тің нәтижелі серіктестігі бойынша Қазақстанның, алыс және жақын шетелдің жетекші ғылыми орталықтарымен, сонымен қоса, халықаралық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде халықаралық байланыстарды дамыту.
Ғылыми- әдістемелік кеңес қызметтері
1. Академия ғылыми қызметінің сараптамасын жүргізу;
2.Фундаменталды және қолданбалы зерттеулер бойынша APEMS-тің негізгі ғылыми бағыттары мен бағдарламаларын қарастыру мен келістіру;
3. Шаруашылық келісімдер мен мемлекеттік бюджет тақырыптары бойынша ҒЗЖ-ның орындалу нәтижелерін бағалау;
4. APEMS-тің құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалары мен жоспарларын қарастыру мен келістіру;
5. APEMS-тің ғылыми және ғылыми-әдістемелік қызметі туралы, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу туралы, ғылыми-техникалық бағдарламалар мен тұжырымдамаларды келістіру туралы ережелерді қарастыру мен келістіру;
6. APEMS-тің ғылыми бөлімшелерінің құрылымын жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарастыру мен бекіту;
7. APEMS қызметкерлері мен ОПҚ дайындаған ғылыми монографияларды басылымға жариялау бойынша қарастыру мен ұсыныстар жасау;
8. APEMS кафедраларының ғылыми қызметін жақсарту бойынша ұсыныстар тұжырымдар.