Әскери кафедра

Әскери кафедрада оқуға студенттерді іріктеу конкурсы төрт кезең бойынша өткізіледі:

1. Медициналық тексеруден өту;

2. Кәсіби психологиялық тестілеу жүргізу;

3. Дене дайындығын тексеру;

4. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісім бойынша ЖОО басшысы құрастыратын және бекітетін рейтингтік баллдың есебіне сәйкес өткізілетін конкурстық іріктеу.

Медициналық куәландырудан өту тәртібі бойынша Әскери-медициналық комиссиядан өту мерзімдері  2023 жылғы 2-30 маусым аралығында.

1. Қажетті медициналық құжаттар мен медициналық зерттеулер нәтижелерінің тізімі (1 ай жарамды):

1) жалпы қан анализі;

2) мерезге микропреципитация реакциясы (микрореакция);

3) жалпы зәр анализі;

4) параназальды синустың рентгенографиясы (ақылы қызмет);

5) тыныштықтағы ЭКГ (жүктемеден кейін – көрсеткіштер бойынша);

6) кеуде қуысы мүшелерін флюорографиялық (рентгенологиялық) зерттеу медициналық куәландыру күніне үш айдан кешіктірілмей жүргізіледі;

7) гинекологтан анықтама (қыздар үшін)

Кандидаттар медициналық комиссияларға медициналық куәландыру басталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен ерте емес жүргізілген медициналық зерттеулердің нәтижелерін ұсынады.

Бұл құжаттарды сіз тұратын жеріңіздегі медициналық мекемелерден (зертханалардан) немесе кез келген медициналық орталықтан ала аласыз.

Бұл тізімнен бөлек, келесі құжаттарда болуы керек:

  • Есірткі, психо - және туб - диспансердегі есептегі жай-күйі туралы анықтама. «Egov.kz» Азаматтарға арналған электрондық үкімет порталынан алуға болады. Egov анықтамалары 10 күн бойы жарамды;
  • Тері-венерологиялық диспансердегі есептегі жай-күйі туралы анықтама. Республика 50/2 мекен-жайынан жеке өтінішпен ала аласыз;
  • Созылмалы ауруларға және соңғы он екі ай ішінде жұқпалы және паразиттік ауруларға байланысты диспансерлік есептегі жай-күйі туралы анықтама, сондай-ақ амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмені (№027/у нысаны) Сіз учаскелік дәрігер-терапевттен ала аласыз.

Бекітілген кестеге сәйкес Астана қ., Республика даңғылы, 54 қорғаныс істері жөніндегі Құрама пунктке (әскери комиссариатқа) жұмыс күндері сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін келіп, ұсыну:

  • медициналық карта (8-нысан);
  • тізімге сәйкес барлық құжаттар мен нәтижелер;
  • жеке іс (жеке істерді сіз әскери комиссариаттан аласыз, қаладан тыс студенттер 2 мамырға дейін өз қалаларынан Астана қаласының әскери комиссариатына жеке істердің келуін қамтамасыз етіңіз.)

Назар аударыңыз! Өзіңізбен бірге жеке куәлік пен тіркеу куәлігі, шорты (жігіттер үшін), халаттар (қыздар үшін), ауыстырылатын аяқ киім болуы керек!

 

         Конкурстық іріктеуге қажетті құжаттар тізімі:

  • Өтініш;
  • Жеке куәлік (түпнұсқасы және көшірмесі);
  • Тіркеу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқа және көшірме);
  • 3х4 өлшемді 2 фотосурет.
  • "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 27 шілдедегі № 95 бұйрығына сәйкес нысан бойынша соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12055 болып тіркелген).
  • Спорттық жетістігін растайтын құжат (бар болса).
  • Оқу орнынан оқып жатқандығы туралы анықтама (Платонустан военкоматқа алу қажет).
  • Жеке істі рәсімдеуге арналған байланыстырғыш (картон дело) және екі мөлдір файл.

Назар аударыңыз! Қала сыртындағы студенттер міндетті түрде Астана қаласында әскери есепке тұруы қажет. Әскери есепті ауыстырғаннан кейін осы тізімге қосымша Астана қаласында әскери есепте тұрғанын растайтын хабарлама қоса берілуі қажет.

Сотрудничество