9 протокол

Ғылыми кеңес отырысы

Қарастырылған сұрақтар

Ғылыми кеңес шешімі

 

ХАТТАМА № 9
20 ақпан 2023 ж. 
(кезектен тыс отырысы)                                                

1. Алдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың кезектен тыс сайлауына білім беру ұйымдары мен педагогтарды сайлау компаниясына тартуға тыйым салуға қатысты
Баяндамашы:  Е.Мырзабосынов, ректор

1. Саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарының құрылуына және олардың қызмет етуіне жол бермеу;
2. Сайлау алды үгіт-насихат жұмыстарын өткізуге рұқсат бермеу;
3. Нәсілдік, этностық, діни, әлеуметтік ымырасыздық пен айырықшалықты насихаттауға, милитаристік және де халықаралық құқық пен ізгіліктің жалпыға танылған принциптеріне қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салу;
4. ПОҚ білім беру процесі кезінде саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу мақсатында немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануына жол бермеу;
5. Академияның аудиторияларын немесе базасын сайлауалды компанияларында алаң ретінде пайдалануға тыйым салу.
Жауапты: Академиялық қызмет жөніндегі проректор Т.Куангалиева

Сотрудничество