1 протокол

Ғылыми кеңес отырысы

Қарастырылған сұрақтар

Ғылыми кеңес шешімі

ХАТТАМА № 1
25 тамыз 2022 ж.

APEMS 2022-2023 оқу жылына міндеттері туралы
Баяндамашы  ректор Мырзабосынов Е.К.

1. Академияның сайтын қайта форматта дайындап, қоғамды, ПОҚ, студенттерді толық ақпаратпен қамтамасыз ететін, ашық сайт формасын жасақтау
Жауапты: Бірінші проректор
Мерзімі: 5 қазан 2022 ж.
2. Платонус ААЖ қосымша модульдеріне тапсырыс дайындау
Жауапты: Академиялық мәселелер жөніндегі проректор
Мерзімі: 5 қазан 2022 ж.
3. Академияның ҒЗЖ толық жүзеге асыру үшін Аккредиттеу сертификатын алу
Жауапты: Ғылыми проректор
Мерзімі: 5 қазан 2022 ж.
4. Университет сайтында ПОҚ туралы ақпаратты толтыруды қамтамасыз ету.
Жауапты: Академиялық қызметтер департаменті, Маркетинг және қоғаммен байланыс департаменті
Мерзімі: 5 қыркүйек 2022 ж.
5. Білім беру бағдарламаларын аккредиттеуге дайындық жоспарын әзірлеу.
Жауапты:  Стратегия және корпоративтік басқару департаменті
Мерзімі: 10 қыркүйек 2022 ж.
6. БББ дамыту жоспарын әзірлеу.
Жауапты:  Академиялық қызметтер департаменті
Мерзімі: 24 қараша 2022 ж.
7. Жұмыс берушілердің  сұранысы бойынша құзыреттілік тәсілімен пәнаралық сипаттағы екі және одан да көп пәндік салаларды сабақтастығында 2023 жылға арналған жаңа/инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу.
Жауапты:  Академиялық қызметтер департаменті
Мерзімі: белгіленген мерзімдерге сәйкес
8. Шетелдік серіктес ЖОО-ларды тарта отырып, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес білім беру жүйесінің қазіргі заманғы трендтері мен сын-қатерлерін ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңарту жөніндегі жұмысты жалғастыру.
Жауапты:  Академиялық қызметтер департаменті
Мерзімі: жыл бойы
9. Білім беру бағдарламаларын брендтеу бойынша жұмыс жүргізу.
Жауапты:  Академиялық қызметтер департаменті, Маркетинг және қоғаммен байланыс департаменті
Мерзімі: 15 қараша 2022 ж.
10. Академияның маркетингтік саясатын құру
Жауапты:  Маркетинг және қоғаммен байланыс департаменті
Мерзімі: 14 қараша 2022 ж.
11. Кітапхана қорын толықтыру бойынша жұмысты жалғастыру
Жауапты:  Маркетинг және қоғаммен байланыс департаменті
Мерзімі: жыл бойы
12. Әскери кафедраны ашу бойынша жұмыстар жүргізу.
Жауапты:  Маркетинг және қоғаммен байланыс департаменті
Мерзімі: жыл бойы
13. Кәсіптік практиканы ұйымдастыру бойынша әлеуметтік серіктестермен келісім-шарт жасасу.
Жауапты:  Маркетинг және қоғаммен байланыс департаменті
Мерзімі: жыл бойы

2. APEMS ғылыми-зерттеу қызметінің 2022-2023 оқу жылына арналған жоспарлары туралы
Баяндамашы: Кулбаев А.Т., ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор

1. Ақпарат назарға алынсын.

3. Жаңартылған және жаңа білім беру бағдарламалары мен пәндер каталогтарын  бекітуді қарастыру туралы
Баяндамашы:  Куангалиева Т.К., академиялық қызмет жөніндегі проректор

1. Ұсынылған жаңартылған және жаңа білім беру бағдарламалары мен пәндер каталогы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Бекітілген білім беру бағдарламалары білім беру бағдарламаларының реестріне енгізілсін.
Жауапты: Академиялық қызметтер департаменті
Мерзімі: 15 қазан 2022 ж.

4. Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясына 2022 жылғы қабылдау қорытындысы
Баяндамашы:  Кенжин Ж.Б., жауапты хатшы

1. Ақпарат назарға алынсын.
2. 2023 жылғы қабылдауға жоспар жасалынсын.
Жауапты: Академиялық қызметтер департаменті
Мерзім: 22 қыркүйек 2022 ж.

5. Қабылдауды ескере отырып, 2022-2023 оқу жылына ПОҚ штатын және ПОҚ-ның орташа жылдық педагогикалық жүктемесін бекіту
Баяндамашы:  Кенжин Ж.Б., Академиялық қызмет  департаменті директоры

1. 2022-2023 оқу жылына ПОҚ штатын және ПОҚ-ның орташа жылдық педагогикалық жүктемесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Жауапты: Академиялық қызметтер департаменті
Мерзім: 25 тамыз 2022 ж.

6. 2022-2023 оқу жылына арналған APEMS академиялық күнтізбесін бекіту
Баяндамашы Кенжин Ж.Б., Академиялық қызмет  департаменті директоры

1. 2022-2023 оқу жылына арналған APEMS академиялық күнтізбесі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Бекітілген академиялық күнтізбе Platonus жүйесіне жүктелсін.
Жауапты: Академиялық қызметтер департаменті
Мерзім: 31 тамыз 2022 ж.

 

7. 2022-2023 оқу жылына академиялық комитеттердің құрамын бекіту
Баяндамашы:  Куангалиева Т.К., академиялық қызмет жөніндегі проректор

1. 2022-2023 оқу жылына академиялық комитеттердің құрамы 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Жауапты: Академиялық қызметтер департаменті
Мерзім: 31 тамыз 2022 ж.

8. Әр түрлі
8.1 2022-2023 оқу жылына Ғылыми кеңестің жылдық жұмыс жоспары мен құрамын бекіту
Баяндамашы: Лекенова А.А., ғылыми хатшы

1. 2022-2023 оқу жылына Ғылыми кеңестің жылдық жұмыс жоспары 5 қосымшаға және құрамы 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Жауапты: Ғылыми хатшы
Мерзім: 31 тамыз 2022 ж.

8.2 2022-2023 оқу жылына Оқу-әдістемелік кеңестің жылдық жұмыс жоспары мен құрамын бекіту
Баяндамашы: Куангалиева Т.К., академиялық мәселелер жөніндегі проректор

1. 2022-2023 оқу жылына Оқу-әдістемелік кеңестің жылдық жұмыс жоспары 5 қосымшаға және құрамы 6 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Жауапты:  Оқу-әдістемелік кеңестің хатшысы
Мерзім: 31 тамыз 2022 ж.

8.3 2022-2023 оқу жылына арналған формалды және формалды емес білім беруде қол жеткізілген оқу нәтижелерін тану жөніндегі комиссияның құрамын бекіту
Баяндамашы:  Кенжин Ж.Б., Академиялық қызмет  департаменті директоры 

1. 2022-2023 оқу жылына арналған формалды және формалды емес білім беруде қол жеткізілген оқу нәтижелерін тану жөніндегі комиссияның құрамы 7  қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Жауапты:  Академиялық қызметтер департаменті
Мерзім: 5 қыркүйек 2022 ж.

8.4 2022-20223 оқу жылына арналған Операциялық жұмыс жоспарын бекіту
Баяндамашы: Касенов Х.Н., Директор департамента стратегии и корпоративного управления

1. 2022-20223 оқу жылына арналған Операциялық жұмыс жоспары бекітілсін.
Жауапты:  Стратегия және корпоративтік басқару департаменті
Мерзім: 30 тамыз 2022 ж.

8.5 2022-20223 оқу жылына арналған құрылымдық бөлімдердің жұмыс жоспарын бекіту
Баяндамашы: Касенов Х.Н., Директор департамента стратегии и корпоративного управления

1.2022-20223 оқу жылына арналған құрылымдық бөлімдердің жұмыс жоспары бекітілсін.
Жауапты:  Стратегия және корпоративтік басқару департаменті
Мерзім: 30 тамыз 2022 ж.

8.6 Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС тәуекелдерді басқару саясатын» бекіту
Баяндамашы:  Касенов Х.Н., Стратегия және корпоративтік басқару департаментінің директоры

1.  «Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы» ЖШС тәуекелдерді басқару саясаты» бекітілсін.
2. ППС және барлық құрылымдық бөлімшер таныстырылсын.
Жауапты:  Стратегия және корпоративтік басқару департаменті
Мерзімі: 4 қыркүйек 2022 ж.

8.7«Кәсіптік практикадан өту бойынша әдістемелік нұсқаулықты»  бекіту
Баяндамашы: Кенжин Ж.Б., Академиялық қызмет  департаменті директоры

1. «Кәсіптік практикадан өту бойынша әдістемелік нұсқаулық» бекітілсін.
Жауапты:  Академиялық қызметтер департаменті
Мерзімі: 4 қыркүйек 2022 ж.

8.8 «Шетелдік студенттермен жұмыс туралы ережені»  бекіту
 Баяндамашы: Тен А.В., Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры

1. «Шетелдік студенттермен жұмыс туралы ереже» бекітілсін.
Жауапты:  Ғылым және халықаралық ынтымақтастық департаменті
Мерзімі: 4 қыркүйек 2022 ж.

 


Сотрудничество